Астана әкімі марафон кезінде жолды жабуға қарсы
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін елорда әкімі Жеңіс Қасымбек «Алматы» ауданы тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды мазалаған сауалдарға жауап беріп жатыр.

Әкіммен кездесу барысында елорда тұрғыны – Жыл сайын қаладағы спорттық іс-шаралар мен оған қатысатын адамдардың саны артып келеді. Бұрын марафонға қатысу үшін басқа елге баратынбыз. Қазір екі демалыс сайын үш жарыстан өтеді, қайсысына барсақ деп таңдап отырамыз. Сіздің ойыңызша, бұқаралық спорт әрі қарай қалай дамуы тиіс?, - деп тұрғын марафон кезінде көшелерді жабу мәселесін қозғады.
– Жолды жабуды құптамаймыз. Алдағы уақытта тағы бірнеше жарыс болады. Әр жексенбі сайын Түркістан, Ақмешіт, Қонаев көшесін жабу дұрыс емес. Жексенбі күні өтсе де қала тұрғындарының көбі наразылық білдіреді. Сол себепті қазір бұдан бас тартып отырмыз, мүмкіндігінше марафонды айналма жолдарда, велосипед жолдары мен басқа да тротуарларға шығарамыз. Белгілі бір жоспар бар, - деп жауап берді қала әкімі Жеңіс Қасымбек.
Айта кетсек, жақында елорда әкімі Астананы жылыту маусымына дайындау жұмыстары кестеге сай жүріп жатқанын айтқан еді.