Астана әкімі үлескерлердің мәселесін шешу жолдарын атады

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлердің проблемасы қалай шешіліп жатыр? Бұл сауалға қала әкімі Жеңіс Қасымбек жауап берді.

Жеңіс Қасымбек
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

«Біріншіден, тұрғын үй құрылысы жөніндегі ведомствоаралық комиссия, үлескерлер мен құқық қорғау органдарының қатысуымен жүйелі кездесулер өткізудеміз. Бұл туындаған мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді және салымшылардың арасында әлеуметтік шиеленіске жол бермейді. Екіншіден, құрылыс компанияларына техникалық және қаржылық аудит жүргізуге, жобалық құжаттаманы сәйкестендіруге, инженерлік желілерді салу мен қосуда толық көмек көрсетудеміз», - деді Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, елорда әкімі проблемалы тұрғын үйлердің құрылысын аяқтау үшін ірі инвесторларды тартып жатқанын айтып отыр.

«Салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары күнделікті бақылауда», - деп толықтырды Ж. Қасымбек.

Бұған дейін Астана әкімі проблемалы нысан салымшыларының 90% баспаналы болғанын, қалған салымшылар маусымның соңына дейін пәтер кілтін алатынынын айтқан еді.

Еске салайық, бүгінде 40 872 астаналық тұрғын үй кезегін күтіп жүр.

 

Соңғы жаңалықтар