Астана-Ақтау бағытындағы ұшақ қозғалтқышының істен шығуына байланысты көкке көтерілмей жатып, әуежайға оралды
АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Сәрсенбі жергілікті уақыт бойынша 20.05-те Астана қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне «ҚазАэроНавигация» РМК ұшу бойынша жетекшісі хабарласып,
Астана-Ақтау бағытындағы ұшақтың рейс жасау кезінде Эбраер-190 бірінші қозғалтқышы істемей қалғанын айтқан.
Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, ұшу кезінде әуе кемесінің бортында 80 жолаушы мен экипаждың 6 мүшесі болған.
Астана қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімінің жеке құрамы аяқтарынан тік тұрды. Дабыл хабарын алған құрамында 10 адамы бар жедел тергеу тобы мен кезекші бөлім шұғыл жетті.
Абырой болғанда, 20:44-те Астана әуежайының қону тұрағына ұшақ аман-есен қайта қонды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тексеріс жүргізіліп жатыр.