«Астана Арена» стадионынан өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Елордадағы «Астана Арена» спорт кешенінен өрт шықты. Оқиғаны Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті растады. 

«Астана Арена» стадионынан өрт шықты
Фото: Видеодан скрин

Бүгін түнгі уақытта Астананың Нұра ауданы, Тұран даңғылы бойында орналасқан стадионның шатыры өртенді. Қызыл жалын дер кезінде ауыздықталды. 

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер металл қаптаманың астындағы жылу оқшаулағыш материал жанып жатқанын анықтады.

— Өрт сөндірушілердің жедел, әрі кәсіби іс-қимылының арқасында оттың таралуына жол берілмеді. 15 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Алматыда бір қабатты ғимарат өртеніп, оқиға орнында жедел штаб құрылды.

Ал Алатау полигонындағы өрттен кейін қалада жаңа нормалар бекітіледі.

Жуырда ақтөбелік өрт сөндірушілер екі күн қатарынан жалған хабарлама алды.

Соңғы жаңалықтар