13:53, 29 Наурыз 2013 | GMT +5
«Астана арландары» мен «Аргентина кондорларының» кездесуі басталмай жатып, қонақтарға техникалық жеңіліс жазылды
АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана арландары» WSB додасының ширек финалындағы қарымта кездесуде «Аргентина кондорларымен» қолғап түйістіреді, деп хабарлады «Аламан» порталы.

Алматыда сағат 19:30-да басталатын матчты «Ел арна» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.
Бірақ матч басталмай жатып, «Астана арландары» алға шықты. 61 келіде Ержан Мүсәпіровке қарсы кездесу өткізуі тиіс Брайан Нуньенс виза мәселесіне байланысты Қазақстанға келе алмады. Сондықтан, аргентиналық боксшыға техникалық жеңіліс жазылды.
Естеріңізге сала кетейік, алғашқы кездесуде арландар 2:3 есебімен ұтылып қалған еді.