«Астана арландары» мен «Рашн Боксин Тим» арасындағы айқас басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) жобасының бесінші маусымының жартылай финалында «Астана арландары» мен Ресейдің «Рашн Боксин Тим» командасы арасындағы кездесу басталды.
None
None

Алдымен шаршы алаңға 49 келі салмақ санатындағы боксшылар шығады. Бұл салмақ санатында еліміздің намысын қорғайтын Теміртас Жүсіпов Вадим Кудряковпен жұдырық түйістіруде. Одан кейін Қайрат Ералиев пен Владимир Никитин (56 келі), Самат Бәшенов пен Григорий Лизуненко (64 келі), Мейірім Нұрсұлтанов пен Сухроб Сидиков (75 келі), Василий Левит пен Виталий Кудухов (91 келіге дейін) шаршы алаңға көтерілетін болады. Екі команда арасындағы қалған салмақ санатындағы боксшылардың жекпе-жегі ертең өтеді. Бұл күні шаршы алаңда Олжас Сәттібаев пен Карен Арутюнян (52 келі), Закир Сафиуллин мен Артур Субханкулов (60 келі), Асланбек Шымбергенов пен Якуб Нуриев (69 келі), Нұрдәулет Жарманов пен Эдуард Якушев (81 келі), Еркін Мұхамеджан мен Дмитрий Зайцев (91 келіден жоғары) айқасатын болады.

Соңғы жаңалықтар