Astana Arlans үшінші рет WSB чемпионы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында елорда төрінде өтіп жатқан финалдық кездесуде "Астана арландары" бүкіләлемдік бокс сериясының чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Алдымен жеңіл салмақтағы Теміртас Жүсіпов пен 52 келідегі Олжас Сәттібаев ұпай санымен жеңіске жеткен болатын. Алайда Куба қабыландары қатарынан бес жекпе-жекте басымдық танытты. 

Ауыр салмақтағы Антон Пинчук Эрисланди Савоннан ұтылып қалса, 64 келідегі Ділмұрат Мижитов Энди Крузға жол берді. 75 келі салмақтағы Әбілхан Аманқұл олимпиада чемпионы Арлен Лопеске есе жіберді. 81 келідегі Арман Рысбек тағы бір олимпиада чемпионы Хулио Ла Крустың осал тұсын таба алмады.

Сосын 52 келіде Олжас Сәттібаев Йосвани Вейтиадан жеңіліп қалды. Артынша аса ауыр салмақтағы Олжас Боқаев пен 60 келідегі Зәкір Сафиуллин кубалық қарсыластарын соққының астына алып, арадағы есеп айырмасын қысқартты. 

Сөйтіп финалда "Куба қабыландарымен" шаршы алаңға шыққан Қазақстандық команда тартысты өткен жекпе-жекте 6:5 есебімен жеңіске жетті.

1 2  4 5 7 8 9 null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар