«Astana Arlans» WSB маусымында бесінші рет жеңіске жетті

АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Қазақстандық  Astana Arlans командасы WSB  топтың кезеңіндегі соңғы ойынында, сырт алаңда China Dragons командасынан  3:2 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Sports.kz .
None
None

Әнуар Мұзапаров (52 кг) Гуо Жаномадан әлсіздеу болды - 0:3 (46:49, 46:49, 46:49), Закир Сафиуллин (60 кг)  Сен Ванды әзер жеңді - 2:1 (49:46, 49:46, 48:47), Асланбек Ричабилиге Хуричабилигтен сүрінді  - 0:3 (47:48, 47:48, 47:48), Арман Рысбек (81 кг) бір минуттың ішінде Лида Ванды нокаутқа түсірді, ал Олжас Боқаев (+91 кг) Жибао Ванмен айқаста төртінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Сонымен, Astana Arlans командасы 15 ұпай жинап Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) тобында бірінші орынды еншіледі. Айта кетсек, олар бес кездесуде басым түсіп, сыртта Uzbek Tigers командасынан жеңілген еді.  

Соңғы жаңалықтар