Astana Art Fest-2016 фестивалі жаздың соңына дейін жалғасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Astana Art Fest-2016 фестивалі жаздың соңына дейін жалғасады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте фествальді ұйымдастырушы Сәуле Самидин білдірді.
None
None

«Жалпы, арт-фестиваль әдеттегідей үш күн өтпейді. Ол ағымдағы жылы жаз бойы, тамыз айының соңына дейін жалғасады. Фестиваль қатысушылары жасаған перфоманстар, арт-инсталляциялардың барлығы да жаздың соңына дейін «Нұржол» желекжолы аумағында қалады», - деді ол.

Ұйымдастырушылар бұл туындыларды елордада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қоюды да жоспарлап отыр.

«Бұл артнысандар әкімдіктің қарауында қалады. Яғни, кейбір заттар қоймаға қойылып, келесі жылға дейін сонда сақталады. Ал енді кейбір заттар саябақтардың коммуналдық меншігіне беріледі», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Astana Art Fest 2016 төрт тақырыптық кеңістікті қамтиды: заманауи өнер, сәулет, дизайн, театр.

2015 жылы өткен Astana Art Fest фестиваліне 44 қазақстандық, 10 шетелдік шығармашылық өкілдері қатысты. Үш күнде оны 300 мыңдай адам тамашалаған еді.

Соңғы жаңалықтар