«Астана аруы – 2023» жеңімпазы анықталды

Елордада «Астана аруы – 2023» сұлулық байқауы өз мәресіне жетті. Елорданың басты сұлуы атағын 23 жастағы Карина Бірімжанова жеңіп алды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

байқау
Фото: ҚазАқпарат/Виктор Федюнин

«Астана аруы» атану үшін ақпан айынан бері кастинг өткізіліп, мыңнан астам бойжеткен іріктелген еді. Ақтық сайысқа ақылына көркі сай тек 17 ару өтті.

Карина Бірімжанова 2019 жылы Италияның Пиза қаласында Foundation in Science бағдарламасы бойынша оқыған, Малайзияда ағылшын тілінде психология саласында бакалавр дәрежесін аяқтаған. Қазір ол графикалық дизайн бойынша білім алуды жалғастыруда, әлеуметтік желідегі блогын белсенді жүргізіп, сәнгерлік бизнеспен айналысады.

Тиісінше, бірінші вице-мисс атағын Анна Зорина алды, екінші вице-мисс – Бинұр Жанболатова, үшінші вице-мисс – Наталья Павлишина болды.

Сұлулық байқауының үміткерлерін «Қазақстан аруы» байқауының президенті Айдай Исаева, «Қазақстан аруы-2022» атағының иегері Томирис Кәкімова, тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева және басқалары бағалады.

Бұған дейін Kazinform тілшісі байқау үміткерлерімен сұхбаттасып, сұлулық ұғымын қалай түсінетінін және сайысқа дайындық қалай өтіп жатқанын сұраған еді.

«Қазақстан аруы» байқауы 7 желтоқсанда Алматыда өтеді. Онда еліміздің барлық өңірінен іріктеліп шыққан хас сұлулар 5 млн теңге жүлде мен «Әлем аруы» байқауына жолдама үшін бақ сынайды.

байқау
Фото: ҚазАқпарат/ Виктор Федюнин
байқау
Фото: ҚазАқпарат/ Виктор Федюнин
байқау
Фото: ҚазАқпарат/ Виктор Федюнин
байқау
Фото: ҚазАқпарат/ Виктор Федюнин
байқау
Фото: ҚазАқпарат/ Виктор Федюнин