Астана әуежайы рейстер кестесін уақытша өзгертеді

АСТАНА. KAZINFORM — Астана әуежайында ұшу-қону жолағында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты рейстер кестесіне уақытша өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Астана әуежайы рейстер кестесін уақытша өзгертеді
Фото: Мақсат Шағырбаев\Kazinform

2026 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында әуежайда күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты аталған уақытқа жоспарланған барлық рейстер алдын ала ертерек немесе кешірек уақыттарға ауыстырылды.

— Жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз. Ұшу уақытының өзекті кестесін әуежайдың ресми сайтынан немесе әуе компаниясынан алдын ала нақтылауды ұсынамыз. Әуежай терминалы мен жолаушыларға қызмет көрсету аймақтары штаттық режимде, ешқандай шектеусіз жұмыс істейді, — делінген әуежайдың баспасөз қызметі хабарламасында.

Жолаушылар ағынының жиналуын болдырмау үшін жолаушыларға әуежайға алдын ала келу ұсынылады:

— ішкі рейстер үшін кемінде 2 сағат бұрын;
— халықаралық рейстер үшін кемінде 3 сағат бұрын.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әуежай инфрақұрылымының сапасын арттыруға бағытталған.

Айта кетейік, Air Astana жазғы навигацияға көшті. Жаңа бағыттар мен қосымша рейстер туралы мына сілтемеден оқыңыз.

Соңғы жаңалықтар