Астана әуежайы рейстердің кешігуіне қатысты мәлімдеме жасады

АСТАНА. KAZINFORM – Астанадағы халықаралық әуежайда қолайсыз ауа райына байланысты 39 рейстің ұшуы мен қонуы кешіктіріліп жатыр. 

Астана әуежайы рейстердің кешігуі туралы мәлімдеме жасады
Фото: Мухтор Холдорбевов/Kazinform

Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келетін 23 рейс пен 16 ұшып бара жатқан рейстің уақыты өзгерген. 

– Рейстердің кешігуі олардың ұшып шығу пункттерінен кеш келуіне байланысты болады. Астана әуежайындағы барлық қызмет түрі әдеттегідей жұмыс істеп, олардың келуіне қарай рейстерге уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп жатыр, - делінген хабарламада.

Жолаушыларға рейстерінің ағымдағы күйін авиакомпания өкілдерімен тексеру ұсынылады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Павлодар әуежайы қайтарылған активтер есебінен реконструкцияланатынын хабаралаған едік. 

Соңғы жаңалықтар