Астана әуежайын неге су басты

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін кешке әлеуметтік желіде Астана әуежайын су басқан бейнежазба тарады. Әуежайдың баспасөз қызметі жағдайдың себебін түсіндірді.

Самолеты Эйр Астана Аэропорт Астаны Ұшақ Эйр Астана Астана әуежайы
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Бұған су құбырының істен шығуы себеп болған. Қазір әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.

су құбыры
Фото: Астана әуежайы

- Cағат 19:33-те халықаралық терминалдың бірінші қабатында (жалпы келу залы) нөсер суын бұру құбыры істен шықты. Ақау сағат 19:45-те жойылды. Су кету салдары жедел түрде жойылды. Рейстердің кешігуі тіркелген жоқ, - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

әуежай
Фото: Астана әуежайы

Бұған дейін Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға ескерту жасағанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар