Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астана әуежайына баратын жолаушыларға ескерту жасалды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада өтетін «Болашақ ойындары — 2026» халықаралық іс-шарасына байланысты қаладағы көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Осыған байланысты әуежайға баратын жолдардың кейбір учаскелері жабылуы мүмкін.

Астана әуежайына баратын жолаушыларға ескерту жасалды
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

FlyArystan әуе компаниясы жолаушыларға жол жағдайын алдын ала тексеріп, кептелістерді ескеріп, әуежайға жету уақытын жоспарлауды ескертті.

Компанияның мәліметінше, жолаушылар әуежайға:

  • ішкі рейстер үшін — ұшуға дейін кемінде 2 сағат бұрын;

  • халықаралық рейстер үшін — ұшуға дейін кемінде 3 сағат бұрын келуі қажет.

Компания әуежайға уақытылы жету жолаушының жеке жауапкершілігінде екенін еске салды.

Еске салайық, бұған дейін бүгін, 2026 жылғы 29 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлейтінін хабарлағанбыз.

Сондай-ақ «Болашақ ойындары – 2026» турниріне қатысу үшін Астанаға мәртебелі қонақтар келіп жатқанын жазған едік.