15:21, 19 Наурыз 2026 | GMT +5
Астана әуежайында 20-дан астам рейс кешігіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Астана халықаралық әуежайында қазіргі уақытта ұшып келу және ұшып кету бойынша 20-дан астам рейс кешіктіріліп жатыр. Бұған әуе кемелерінің белгіленген уақыттан кеш жетуі себеп болған.
Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, кешігулердің ішінде 14 рейс — ұшып келу, 9 рейс — ұшып кету бағытында. Мамандардың айтуынша, бұл жағдайға ауа райы әсер етпеген.
Осыған байланысты жолаушыларға рейстердің уақытын әуе компанияларының байланыс орталықтары арқылы немесе әуежайдың ресми сайтындағы рейстер кестесінен алдын ала тексеру ұсынылады. (www.nn-airport.kz)
Айта кетейік, бұған дейін FlyArystan әуе компаниясы Ақтау — Дубай — Ақтау бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтатқаны хабарланған еді.