Астана әуежайы халықаралық рейстер кестесіне өзгеріс енгізді
АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы 28 ақпандағы сағат 18:30-дағы жағдай бойынша, Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Астана халықаралық әуежайы бірқатар халықаралық рейс кестесіне өзгерістер енгізілгенін хабарлады.
28 ақпандағы өзгерістер
Бүгінге жоспарланған KC205 Астана – Дубай рейсі 08:37-де Астанадан ұшып шыққан. Алайда әуе кеңістігіндегі шектеулерге байланысты кері бұрылып, 14:10-да Астана әуежайына қонды.
KC206 Дубай – Астана кері рейсі тоқтатылды.
KC207 Астана – Дубай рейсі 08:55-те ұшып шығып, 13:59-да бағыттан кері қайтуға мәжбүр болды. KC208 Дубай – Астана кері рейсі де тоқтатылды.
Аталған бағыттар бойынша бүгінге жоспарланған барлық рейс толықтай тоқтатылды.
29 ақпандағы рейстер
2026 жылғы 29 ақпанға жоспарланған келесі рейстер де тоқтатылады:
KC561 Астана – Джидда және кері KC562 Джидда – Астана;
KC205 Астана – Дубай (07:45) және кері KC206 Дубай – Астана;
KC207 Астана – Дубай (14:00) және кері KC208 Дубай – Астана.
Сондай-ақ Flydubai әуе компаниясының FZ1303/1304 Дубай – Астана – Дубай рейсі (қону уақыты 03:10, ұшу уақыты 04:10) тоқтатылды.
Air Astana әуе компаниясының мәліметінше, Таяу Шығыс елдеріне барлық рейстер 2026 жылғы 3 наурызды қоса алғанда уақытша тоқтатылған.
Жолаушыларға рейстер мәртебесі туралы өзекті ақпаратты әуе компанияларының ресми сайттарынан және Астана әуежайының онлайн-таблосынан қадағалау ұсынылады.