Астана әуежайында жолаушылар саны күрт артты: басшылық түсінік берді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Астана қаласының халықаралық әуежайында жолаушылар ағыны байқалды. Әуежай басшылығы аталған жайтқа түсінік берді. 

Астана әуежайында жолаушылар саны күрт артты: басшылық түсінік берді
Фото: Көлік министрлігі

— Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ішкі рейстерге арналған 2-терминалында бір мезетте 8 рейске қызмет көрсетіліп жатыр, осыған байланысты ұшу аймағында жолаушылар легі көбейді, бұл шамамен 1000 адам. Рейстердің кешігуі тіркелген жоқ. Әуе қауіпсіздігі қызметінің инспекторлары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, — делінген әуежайдың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Осы орайда елорда әуежайының қызметі жолаушылардан ертерек келіп, рейс мәртебесін онлайн-тақтадан тексеруді немесе әуе компания өкілдерінен нақтылауды сұрап отыр.

— Жазғы маусым — әуе тасымалының қарқынды кезеңі. Әуе компанияларының ұшу кестесі жиілейді, жолаушылар сапарының жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күшімізді салып жатырмыз, — дейді Астана әуежайынан.

Айта кетелік елорда әуежайында суық қару тапсыру үшін арнайы жәшік орнатылғаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар