Астана әуежайы жолаушылардың такси қызметіне қолжетімділігін шектегені үшін 16 млн. теңге төлейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Табиғи монополияларды реттеу және бәсекеелест3кті қорғау комитетінің департаментіне «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-ға қатысты шығарылған 2016 жылғы 30 наурыздағы нұсқаманы заңсыз деп тану және жою туралы өтініш қанағаттандырусыз қалдырылды.
None
None

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына департамент жүргізген тергеп-тексерулер нәтижесінде «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-ның әрекеттерінде  такси қызметін көрсету үшін Әуежайдың вокзал алды алаңына өтуді шектеуде көрінген - монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері  (үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану) бекітілді. Әкімшілік іс қозғалып, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама нормаларының бұзылуын жою туралы нұсқама шығарылды.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен  «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-ға монополиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған  кірістің 5%-ы - 16 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

Астана қаласы сотының қаулысымен Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысы өзгерусіз қалдырылды.

 

Соңғы жаңалықтар