Астана әуежайы жөндеу жұмысына байланысты жолаушыларға ескерту жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана халықаралық әуежайы ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстарына байланысты жолаушыларға ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Астана халықаралық әуежайында 15 шілдеден бастап 8 тамызға дейін ұшу-қону жолағын жыл сайынғы жөндеу жұмысы жүргізіледі.

Жөндеу жұмыстары күн сайын сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады.

«15 шілде мен 8 тамыз аралығында жолаушылардың әуежайға ерте келуін және тіркеуден алдын ала өтуін сұраймыз. Ұшу кестесін түзетуден туындаған жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты әуежайда жолаушылар кептелісі болуы ықтимал» деп ескертеді әуежай әкімшілігі.

Соңғы жаңалықтар