Астана әуежайы жылына 7 млн. жолаушы қабылдайтын болады - Ж.Қасымбек

«ЭКСПО-2017 қарсаңында жалпы аумағы 40 мың шаршы метрді құрайтын елордалық әуежайдың жаңа жолаушылар терминалы құрылысының басталуы өте маңызды. Құрылыс жұмыстарын 2017 жылдың көктемінде аяқтау жоспарланған. Өткізу қабілеті жылына 7 млн. адамнан, ал қауырт сағаттарда 2,5 мың жолаушыдан асатын болады», - деді Ж.Қасымбек.
Сонымен қатар министр әлемнің жетекші қаржы орталықтарымен жаңа халықаралық әуе қатынастарын ашу жұмыстарының да жүргізіліп жатқандығын еске салды. Мәселен, өткен жылы Астанадан Қазан, Сеул, Париж, Тбилиси, Дубайға, Атырау-Минералды сулар, Қызылорда-Мәскеу, Алматы-Минск бағыттары ашылғанын еске салды.
«Ағымдағы жылы біз Алматы-Сиянь және Астана-Амстердам бағыттарында 2 бағдар ашамыз. Өткен аптада біз Франциямен Астана-Париж тұрақты рейсі туралы келісімге қол қойдық», - деді ол.