Астана әуежайында әйелдің 100 мың долларын алаяқтық жолмен иемденген ер адам ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың қазан айында Астана әуежайындағы желілік полицияның кезекші бөліміне Алматы қаласының тұрғыны шағымданды.

Астана әуежайында әйелдің 100 мың долларын алаяқтық жолмен иемденген ер адам ұсталды

Оның айтуынша, 1969 жылы туған ер адам Астана халықаралық әуежайы аумағында оның 100 мың АҚШ долларын алаяқтық жолмен иемденіп алған.

Аталған факт бойынша,көлік  ІІД қызметкерлері ҚР ҚК 190 бабы, 3 бөлімі, 1 бөлімшесі (Ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлады көлік ІІД баспасөз қызметі.

Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, 47 жастағы ҚР азаматын ұстады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп күдіктелген ер адамның кінәсі толық дәлелденді.

Қылмыстық іс Астана қаласы Есіл ауданының №2 сотына жіберілді.