Астана әуежайында жанкүйерлер Қанат Ислам бастаған боксшыларды қарсы алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы-Астана әуе рейсімен елордаға Қанат Ислам бастаған боксшылардың бір тобы келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Осыған орай, «Нұрсұлтан Назарбаев» Халықаралық әуежайында арнайы баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Сол жерде бапкерлер мен боксшылар 9 қыркүйек күні болатын бокс кеші туралы жан-жақты айтып береді.

Ресми мәліметке сәйкес, Қанат Исламмен бірге Жанкош Тұраров пен Нұрсұлтан Жаңабаев та бар. Ал баспкерлер тобын Нельсон Лопес бастап келеді.

Айта кетейік, 9 қыркүйек күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегі ғимаратында Қанат Ислам (24-0, 19КО) канадалық Брэндон Кукпен (18-0, 11КО) кездеседі. Боксшылар бірінші орта салмақтағы IBF титулынан үміткерлік үшін таласады.

Осы жекпе-жектің андеркардында 8 қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Олар - Жанқош Тұраров (21-0, 15КО), Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1КО), Мейірім Нұрсұлтанов (3-0, 2КО), Руслан Мырсатаев (3-0, 3КО), Әли Ахмедов (7-0,5КО), Айдос Ербосынұлы (6-0, 6КО), Димаш Ниязов (11-0-3, 5КО) және Нұрсұлтан Жаңабаев (2-0, 1КО).

Барлық боксшыларымыз осы уақытқа дейін бірде-бір рет жеңілмеген.

Соңғы жаңалықтар