Астана аймақтық ЖІӨ үлесінде республика бойынша үшінші орында

Бұл туралы astana.kz сайтынан хабарланды.
Қалалық статистика басқармасының мәліметі бойынша, Астананың аймақтық ішкі жалпы өнімінің үлесі республика көлемінде 9 пайызды құрайды. Бұл Алматы қаласы (18,7%) және Атырау облысынан (10,3%) кейінгі үшінші орындағы көрсеткіш. «Салалық құрылымдарда аймақтық ішкі өнімнің өндірістегі үлесі 3,6 пайыз, көлік пен қойма шаруашылығында - 9,2 пайыз, құрылыста - 10,3 пайыз, жылжымайтын мүліктерді рәсімдеу - 13,4 пайыз, көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер жөндеу - 25,9 пайыз, басқа да қызметтер 37,6 пайызды құрады», - делінген хабарламада.
Бұл ретте аймақтық жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда елордада 3 573 мың теңгеге жеткен. Бұл республика өңірлері бойынша үшінші орын. Астанадан тек Атырау облысы (5 655,4 мың теңге) мен Алматы қаласы (3 856,1 мың теңге) ғана озып тұр.