Астана Әзербайжан Президентін қарсы алуға дайындалып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан және Әзербайжан туларымен Астананың басты даңғылдары, ғимараттары мен көрікті жерлері безендірілді.

Түнгі қаланың көрінісі бейнеленген роликті «БОРТ № 1» Telegram-арнасы жариялады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 20-21 қазан күндері Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетінін жазған болатынбыз.
Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Сонымен қатар президенттер Жоғары мемлекетаралық кеңеске және Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумына қатысады
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында Kazinform агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында екі ел арасындағы саяси диалогтың жоғары деңгейі, көлік-логистика мен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуы, сондай-ақ «жасыл» энергетика саласындағы бірлескен жұмыс пен Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы бастамалардың болашағы жайында айтып берді.