«Astana Ballet» тұңғыш рет Алматыда өнер көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Astana Ballet» мемлекеттік театры екі күн бойы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрынде өнер көрсетпек. Елордалық ұжым Алматы жұртшылығына ұлттық және әлемдік хореографиялық өнердің озық туындыларын ұсынады, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметінен.
None
None

Астаналық театр алматылық көрермендерге түрлі жанрды бір арнаға тоғыстыра білген репертуарын ұсынып, әлем халықтары билерінің бояуын қанық көрсетеді. Атап айтқанда, қазақ, түрік, үнді, қытай, сонымен қатар әлемдік классиканың жасампаз жауһарлары қойылады. Сонымен бірге Н. Римский-Корсаковтың, К. Караевтың, А. Бородиннің, И. Стравинскийдің музыкаларына қойылған би номерлері мен «Қарлыгаш», «Жібектің түсі», «Құс жолы» ерекше хореографиялық композициялары ұсынылады.

«Өнер ұжымының Алматыдағы гастролі әлемдік турне аясында өтеді. 2014 жылы «Astana Ballet» мемлекеттік театры еліміздің Шымкент, Тараз, Астана қалалары мен Франция, Австрия, Ресей, Түркия, Корея секілді шет елдерде өнер көрсетеді деп жоспарланған», делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар