Астана - баршамызға ортақ баспана – Жапония елшісі

Жапония Елшісі
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қаладағы сенбілікке қатысты.

Жапония елшілігінің өкілдері Кеңес одағы кезінде тұтқындалып, қаза тапқан жапондықтарға арналған ескерткіштің маңын жинастырды. Сонымен қатар, сенбілікке елорда тұрғындары да қосылды. Олар қайың, қарағай және басқа да ағаш түрлерінен 50 түп отырғызды.
Жапонияның Қазақстандағы Елшісі тарих және мәдениет ескерткіштерін абаттандыру жұмыстары өте маңызды екенін атап өтті.

Жапония елшісі
Фото: Kazinform

«Нұра ауданының барша тұрғынына шын жүректен алғыс айтамыз. Қалада Жапония мен Қазақстан арасындағы достықтың өте маңызды ескерткіші бар. Біз ортақ естелігімізді және тарихымызды мәңгілікке сақтағымыз келеді. Елшілік қызметкерлерінің елорда тұрғындары ретінде сенбілікке қатысуы да үлкен мәртебе. Астана - баршамыз үшін ортақ баспана, сондықтан қаламыздағы тәртіп пен тазалықты сақтау - ортақ міндетіміз», - деді елші.

Жапония елшісі
Фото: Kazinform

Айта кетейік, сәуір айының басында Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Науқан бес аптаға созылады. Əр аптаның өзіндік атауы мен нақты мақсаты бар. Осы аптаға «Киелі мекен» атауы берілді. Бұл күндері тарихи-мəдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстары іске асырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар