Астана-Батуми бизнес-форумы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 наурыз күні Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Грузияның Аджария Автономдық Республикасының Қаржы және экономика министрлігімен, сондай ақ Қазақстанның сыртқы сауда палатасының бірлесе ұйымдастыруымен «Астана-Батуми бизнес-форумы» өтеді. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Екі елдің бизнес саласындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған шараға Аджарияның құрылыс, туризм, өнеркәсіп, көлік, логистика, медицина салаларында қызмет ететін жетекші компанияларының өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

Бұдан бөлек, баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған бизнес-форум аясында екі ел кәсіпкерлері «В2В» форматында іскерлік кездесу өткізеді деп көзделген.

Соңғы жаңалықтар