Астана базарында қыздардың жанжалдасуы фактісі бойынша іс материалдарды сотқа жіберілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана базарында қыздардың жанжалдасуы фактісі бойынша іс материалдары сотқа жіберілді, деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

«Ағымдағы жылы 15 шілдеде «Шарын» базарында орын алған төбелес фактісі бойынша ұсталғандар Сарыарқа ауданының ІІБ-ына жеткізілді. 29 жастағы азаматша К-ге қатысты дөрекі сөздермен балағаттау фактісі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Бұдан басқа, оған және 25 жастағы азаматша И-ге қатысты ҚР ҚК 108-бабына сәйкес дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сот алды тергеу жүргізілді», делінген хабарламада.

Медициналық қорытынды бойынша ұсталғандардың ішімдік ішкені анықталды. Аталмыш факті бойынша материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Еске салсақ, Астанада куәгер «Шарын» базарындағы қыздардың төбелесін ұялы телефон камерасына түсіріп алып, бейнежазбаны әлеуметтік желіге таратып жіберген.

Соңғы жаңалықтар