Астана-Берлин: жұмыс режіміндегі диалог

АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат - Мемлекеттік хатшы -Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев қаңтардың 6-сы күні Германияның Вице-канцлері - Сыртқы істер министрі Гидо Вестервеллемен телефон арқылы сөйлесті,
None
None

деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады, 2009 жылы өткен Қазақстанның Германиядағы жылының нәтижелі қорытындыларын ерекше атап көрсетті. Олар сондай-ақ Президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Хорст Кёлердің ұйытқы болуымен басталған Германияның Қазақстандағы жылының да екіжақты қарым-қатынастың маңызды кезеңі болатынын және қазақстан-герман ынтымақтастығын әрі қарай нығайтуға жаңа серпін беретінін сеніммен атап өтті. Осыған орай тараптар, ағымдағы жылы Президент Н.Назарбаевтың шақыруымен Германия Канцлері Ангела Меркельдің Қазақстанға сапарын өткізудің мүмкіндігін қарастырды.

Сыртқы саясат ведомствосының басшылары сондай-ақ Қазақстан мен Германияының халықаралық сипаттағы ынтымақтастығын, әсіресе Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы аясындағы ынтымақтастығын сөз етті. Қазақстанның ұйым төрағалығына кіруімен құттықтаған герман министрі ағымдағы жылы ЕҚЫҰ саммитін өткізу туралы бастамаға қолдау білдірді.

Соңғы жаңалықтар