Астана болашақта маңайындағы облыстардың экономикалық белсенділігін өзінде шоғырландыратын көшбасшы қала болмақ

Бұл инвесторларға да тиімді және олардың өндірушілермен және тұтынушылармен байланысына кепілдік береді. Қазақстан арқылы ірі «Солтүстік-Оңтүстік», «Батыс-Шығыс», Оңтүстік Азия-Орталық Азия өңірі» трансқұрлықтық жолбағыттары өтеді.
2020 жылға қарай Қазақстанның шекаралас елдермен сауда операцияларының көлемі бір жарым есе өсіп, 1 триллион долларға жетпек. Ал Қытай экономикасының 2020 жылға қарай өсуімен байланысты ҚХР мен Еуропа арасындағы сыртқы сауданың жылдық көлемі 800 млрд. долларды құрайтын болады.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген жоспарларды жүзеге асыру нәтижесінде 2020 жылға қарай Қазақстан арқылы транзиттік жүк ағыны көлемі 2 есеге жуық өсіп, одан әрі ол 50 миллион тоннаға жеткізілмек.
«Жаңа Жібек жолы» жобасының бәсекелестік артықшылығы «5С ұстанымын - жылдамдық, сервис, құн, сақтау және тұрақтылық мәселелелерін жүзеге асыруға негізделген. Олардың аумақтық және функцональдық өзара байланысы нәтижесінде синергетикалық әсер пайда болуы тиіс. Міне осы ұстаным Дубай немесе Сингапур үлгісімен «Жаңа Жібек жолының» бәсекелестік артықшылығының басты көзі болмақ», - деді Н.Назарбаев.
Бұл орайда Астана қаласының аумақтық дамуының бәсекелестік артықшылығы географиялық тиімді орналасуында, елдің аймақтары мен көршілес мемлекеттердің автомобиль және темір жолдары желісін жалғастыруші ірі көлік торабы ретінде қаланың кеңістіактеіктегі тарихи қалыптасқан ұйымдастырылуында жатыр. Осы қасиеттердің үйлесімі Астананы болашақта маңайындағы облыстардың экономикалық белсенділігін өзінде шоғырландыратын көшбасшы қалаға айналдырады және елдің қалған аумағы үшін локомотив рөлін атқаруына мүмкіндік береді.