«Астана» бірінші кезеңнен кейін «Челсиден» жеңіліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің бесінші турында «Астана» бірінші кезеңнен кейін «Челсиден» жеңіліп жатыр.

футбол
Фото: “Астана” футбол клуби

Кездесу барысында англиялық клубтан Марк Гиу 14, 19, Ренату Вейга 40-минутта үш гол соқса, оған 45-минутта елордалық клубтан Марин Томасов бір голмен жауап қайырды. 

Бұл ойынға англиялық клуб негізінен жастар құрамын алып келді.

Айта кетсек, бұған дейін «Астана» өз алаңында сербиялық «ТСЦ Бачка-Топола» (1:0) командасын жеңсе, португалиялық «Виториямен» (1:1) тең түсті. Сырт алаңда Уэльстің «Нью-Сейнтс» (0:2), кипрлік «Пафос» (0:1) клубтарына есе жіберді.

Айта кетсек, Конференция лигасының плей-офф сатысына жалпы кезеңнің үздік 24 командасы жолдама алады.

Қазірге дейін төрт турда «Астананың» еншісінде 4 ұпай бар. Турнир кестесінде 23-орында тұр. Ал «Челси» төрт ойынның барлығында жеңіске жетіп, 12 ұпаймен бірінші орында келеді.

Осыған дейін «Астана» - «Челси» кездесуі алдында Алматының Орталық стадиондағы жағдайды көрсеттік.

 

Соңғы жаңалықтар