12:20, 12 Желтоқсан 2009 | GMT +6
Астана - Бурабай тұңғыш автобанының құрылысшылары марапатталды
АСТАНА. Желтоқсанның 12-сі. ҚазАқпарат - ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Дулат Көтербеков бір топ жол құрылысшыларын Астана - Бурабай автобанының пайдалануға берілуімен құттықтады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Макинск қаласында вице-министр «Ақмола құрылыс материалдары» ЖШС-нің ұжымын салтанатты жағдайда құттықтаған. Ал Ақмола облысының Чистополье кентінде өткен кездесуге «Қазақжолқұрылыс» ЖШС-нің жұмыскер-қызметкерлері шақырылған. Елбасының тапсырмасына орай 1 мыңға жуық жол құрылысшыларына министрдің бұйрығымен осы жобаға қатысқандығы жөнінде арнайы куәліктер тапсырылған. Бұдан тыс, айрықша еңбек сіңірген жұмыскер-қызметкерлер «Құрметті жолшы» атағымен, министрдің құрмет грамоталары, алғыс хаттарымен марапатталды.