«Астана» - «Челси» кездесуі алдындағы Орталық стадиондағы жағдай

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы қаласының Орталық стадионында UEFA Конференция лигасы аясында «Астана» мен «Челси» командалары арасында кездесу өтеді. Ойын алдында Kazinform фототілшісі стадион маңындағы жәй-күйді суретке түсірді.

Орталық стадион
Фото: Александр Павский/Kazinform

Ойын сағат 20:30-да басталады. Билет сатылатын сайттың мәліметіне сәйкес, «Шығыс» трибунадағы билеттердің біршамасы сатылған. Алайда 45 және 46 (30 мың теңге) секторларында, сондай-ақ 32, 33, 34 және 35 (40 мың теңге) секторларында әлі де орындар бар.

Қалған «Солтүстік», «Оңтүстік» және «Батыс» трибуналарынан да билет алуға болады. 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 51 және 52 секторларының билетті 10 мыңнан 40 мың теңгеге дейінгі аралықта сатылып жатыр. Құны 75-тен 100 мың теңгеге дейінгі ең қымбат билеттер 5-секторға тиесілі.

Еске салайық, бұған дейін «Астана» мен «Челси» ойынына байланысты Алматы полициясы ескерту жасаған болатын.

Орталық стадион
Фото: Александр Павский/Kazinform
Алматыдағы орталық стадион
Фото: Александр Павский/Kazinform
Алматыдағы Орталық стадион
Фото: Александр Павский/Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар