«Астана» Чемпиондар лигасында «Легиядан» басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017/2018 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде өз алаңында Польша чемпионы «Легияны» қабылдаған «Астана» футбол клубы 3:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.    
None
None

Ойынның 36-минутында елордалықтардың шабуылшысы Жуниор Кабананга есеп ашса, алғашқы тайм аяқталар тұста Иван Маевский есепті еселеді.

Екінші таймда поляктар сапынан Армандо Садику есеп айырмасын қысқартқанымен, ойын аяқталуға санаулы секундтар қалғанда Патрик Твумаси «Астана» жанкүйерлеріне тамаша сый жасады.

Енді қарымта ойын 2 тамыз күні Варшавада өтеді.

«Астана» (Астана, Қазақстан) - «Легия» (Варшава, Польша) 3:1 (2:0)

Голдар: Кабананга 36 (1:0), Маевский 44 (2:0), Садику 79 (2:1), Твумаси 90+4 (3:1)

«Астана»: Мокин, Шитов, Аничич, Кляйнхайслер (Граховац 80), Мұжықов, Деспотович (Муртазаев 20, Постников 89), Маевский, Твумаси, Логвиненко, Кабананга, Шомко.

«Легия»: Маляж, Паздан, Домбровски, Гильерме, Глоушек, Кухарчик (Михаляк 83), Нодь (Паскуато 62), Хямяляйнен (Садику 70), Мончиньски, Енджейчик, Мулен.

Бас төреші: Томаш Богнар (Венгрия)

26 шілде. «Астана Арена» стадионы.

Фото: sports.kz

Соңғы жаңалықтар