Астана экономикалық форумы аясында БАФ - АЭФ бірлескен сессиясы өтеді

Кездесу барысында Астана экономикалық форумы (2016 жылғы 25-26 мамыр) және «Еуразиялық экономикалық одақпен «Бір белдеу, бір жол» қытайлық бастаманың түйісуі» тақырыбында энергетикалық ресурстар және орнықты даму форумы аясында БАФ және АЭФ бірлескен сессиясын ұйымдастыру мәселесі келісілді.
Кездесу Бейжің қаласында тіркелген дипломатиялық миссия басшылары үшін БАФ ұйымдастыру комитеті ұйымдастырған брифинг аясында өтті. Шарада қазақстандық тарап «Азияның жаңа келешегі: жаңа серпін, жаңа көзқарастар» тақырыбында өтетін жыл сайынғы БАФ конференциясына (2016 жылғы 22-25 наурыз Хайнань провинциясы) қатысуға ресми шақырту алды.
Өз сөзінде БАФ бас хатшысы Чжоу Вэньчжун «конференция барысында 80-нен астам сессия, ірі компания басшыларының екіжақты диалогтары, өнеркәсіптік орта өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер, қытайлық және шетел министрлері, губернаторлары, мэрлерімен кездесулер өтеді. Талқылау тақырыптары өңірлік ынтымақтастықты, құрылымдық реформаларды, «Бір белдеу, бір жол», индустрияландыру және инвестиция жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты, «Интернет+» бағдарламасын, инновация мен кәсіпкерлікті қамтиды», деп атап өтті.
Еске салсақ, Боао Азия форумы - өңірлік экономикалық интеграцияны жылжыту және Азия мемлекеттерін бірлесіп дамытуға жәрдемдесуге шақырған үкіметтік емес және коммерциялық емес халықаралық ұйым.
БАФ - мемлекет қайраткерлері, ықпалды іскерлік орта және халықаралық ұйымдар өкілдері, ірі ғалымдар мен талдаушылар арасындағы пікірлер, болжамдар, жаңа идеялармен алмасу үшін әмбебап алаң.
БАФ құрылтайшы сессиясы 2001 жылы 26 ақпанда Боао қаласында (Хайнань провинциясы) өтті.