Астана экономикалық форумы «Үлкен жиырмалыққа» төрағалық еткен РФ аутрич шараларының бағдарламасына енгізілді

Бұндай шешім құрамында ҚР шерпі - Азамат Әбдімомынов, ҚР СІМ Сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры Серік Әміров, ҚР Президент Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы жетекшісінің орынбасары Аяна Манасова және Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының президенті Мұрат Қарымсақов бар қазақстандық делегацияның 2013 жылдың наурыз айында «G 20 Sherpa's meeting» қатысушы-мемлекеттер шерптерімен кездесуінен кейін қабылданды.
Бұл туралы Success K Медиа агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ресей 2012 жылғы 1 желтоқсаннан бастап әлемнің 19 ірі ұлттық экономикасын және Еуроодақты біріктіретін G20 форумының төрағасы болды. Ресейлік «жиырмалық» форумының басты іс-шарасы 2013 жылы 5-6 қыркүйек күндері Санкт-Петерборда өтетін мемлекет басшыларының саммиті болмақ. Ресей төраға ретінде, «Жиырмалық тобына» мүше емес мемлекеттер мен халықаралық және аймақтық ұйымдармен қатынастарда болып, «Үлкен жиырмалықтың» көшбасшылары шешімдерін жүзеге асыру мақсатында G20 заңды және тиімді жұмысы үшін «аутрич» форматында кең диалог алаңын ұйымдастырмақ. 2013 жылдың G20 төрағасы Астана экономикалық форумын экономикалық қаржы мәселелерінің ең маңызды аспектілерін шешудегі әріптес ретінде көріп отыр. РФ өкілдері 2013 жылғы 22-24 мамырда өтетін VI Астана экономикалық форумына (АЭФ) және Дүниежүзілік Дағдарыстыққа қарсы конференциясы (ДДК) аясында өтетін аутрич-шараларына қатыспақ. Астана экономикалық форумы (АЭФ) және Дүниежүзілік Дағдарыстыққа қарсы конференциясы (ДДК) барысындағы ұсыныстар мен кеңестер «Үлкен жиырмалық» тобы деңгейінде де талқылауға шығарылмақ. Бұл өз тарапынан әлем экономикасы тап болған негізгі мәселелер бойынша «Үлкен жиырмалықтың» пікірсайыстарына өз септігін тигізеді, дейді .
VI Астана Экономикалық форумының ұйымдастырушылары - «Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы» қауымдастығы, Қазақстан Республикасының 14 министрлігі, ҚР Ұлттық Банкі, «Самұрық-Қазына» қоры, БҰҰ, Дүниежүзілік экономиклық форум, Дүниежүзілік интеллектуалды меншікті ұйымы, Жаңарған Бреттон-Вуд комитеті, Мадридтық клуб, Ресейлік жаратылыстану ғылымдары академиясы және тағы басқалары.