«Астана ЭКСПО-2017» БАҚ-қа арналған байқауға өтініштер қабылдауды жалғастыруда

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана ЭКСПО-2017» БАҚ-қа арналған байқауға жұмыстарды қабылдауды жалғастыруда. Көпшілік журналистердің өтініштерімен жұмыстар 2015 жылдың 15 желтоқсанына дейін қабылданатын болды.
None
None

Жеңімпаздарға 2016 жылдың 23 сәуірі мен 30 қазаны аралығында Анталияда өтетін ЭКСПО-2016-ға жолдама беріледі. Анталиядағы ЭКСПО-ның тақырыбы: «Балалар мен гүлдер», ұраны: «Болашақ ұрпақ үшін әлем жарқын бола түседі», деп хабарлайды EXPO 2017 Astana.

Түркияның Анталия қаласындағы көрме 192 күн жұмыс істейтін болады, оған келушілердің саны 8 миллион болады деп күтілуде, көрме аумағында шамамен 22 000 түрлі әлеуметтік-мәдени іс-шара өткізілмек.

Конкурсқа қатысатын материалдарды «БАҚ-қа арналған байқауға» деген белгімен [email protected] электронды поштаға немесе 010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі 8, Б-бөлімі, 11 қабат, 1116 кабинет, «Әлеуметпен байланыс департаменті» мекенжайына жіберу керек.

Конкурс шарттары туралы толығырақ ақпаратпен көрме сайтында танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар