«Астана ЭКСПО-2017» басшысы мен Татарстан президенті меморандумға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 компаниясының кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Татарстан Республикасының президенті Рустам Миннихановтың кездесуі өтіп, оның барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлады expo2017astana.com.
None
None

Туристік қызметтен бөлек, тараптар инвестициялық климатты жақсарту, инвестициялық тартымдылықты арттыру бағытында қолғабыс етіп, тәжірибе алмасуға сондай-ақ, әкімшілік формальдылықты жеңілдетуде өзара көмек беруге ниетті.

null  

«Алдағы ЭКСПО осы уақытқа дейін өткізілгендерге қарағанда үздік болатынына күмән жоқ. Істеп жатқан жұмыстарыңыз - өте маңызды», - деді Татарстан Республикасының президенті.

null  

Айта кетейік, халықаралық мамандандырылған көрме 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында Астана қаласында өтеді. Көрмеге 2 миллионнан астам адам келеді деп жоспарлануда.  

Соңғы жаңалықтар