17:09, 04 Тамыз 2017 | GMT +5
«Астана ЭКСПО-2017» көрмесі екі миллионыншы келушіні күтуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін халықаралық көрменің есепке алу жүйесі сағат 19.30-дан 20.30 аралығында «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің екі миллионыншы келушісін тіркейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ, бүгін Иранның Ұлттық күні, «ЭКСПО-2017 кубогы» әлемдік футбол жұлдыздарының автограф сессиясы өтті.
Батыс Қазақстан облысының мәдениет күндері аясында концерт өтеді.