«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы Болашақ энергетикасының бүкіләлемдік саммитіне қатысуда

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Бүгін БАӘ астанасында «Болашақ энергетикасының бүкіләлемдік саммиті» ашылды.
None
None

Шара Әбу-Даби қаласындағы «ADNEC» көрме орталығында өтуде.

Шара аясында бірқатар конференция, соның ішінде су ресурстары бойынша халықаралық саммит (International Water Summit - IWS) пен қалдықтарды кәдеге жарату технологияларының көрмесі (EcoWASTE) өтеді.

Конференцияның басты тақырыбы болашақ энергиясын құрастыру бойынша бірлескен шешімдерді құру болады. «Табиғи ресурстарымызды сақтап, қорғау үшін болашақтың экономикалық жүйесі тиімді, нәтижелі болуы тиіс», - деді осыған дейін БАӘ мемминистрі және «Масдар» әмірліктің инновациялық компаниясының басшысы Султан Аль-Джабер.

Балама энергетиканың даму мәселесі самитте маңызды орында болмақ. Әмірлік астанасында технологиясы бойынша алға басқан күн-жел электростансалары, мобильді күн энергетикалық кешендері, тоқындардың энергиясын пайдалануға арналған теңіз турбиналары көпшілік назарына ұсынылады.

«Бүкіләлемдік болашақ энергетика саммитінің» жұмысына Қазақстан да қатысады. Әбу-Дабиге «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ делегациясы келді. Қазақстандықтар әмірліктің MASDAR компаниясының басшылығымен, IRENA энергия көздерін қалыпқа келтіру бойынша Халықаралық агенттік басшылығымен және БАӘ Ұлттық медиа кеңесімен екі жақты кездесу өткізеді.

Соңғы жаңалықтар