20:49, 11 Наурыз 2016 | GMT +5
«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысына қатысты іс сотқа жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев пен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс сот қарауына түсті, деп хабарлады елорда сотының баспасөз қызметінен.

«2016 жылдың 10 наурызында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев, бұрынғы басқарушы директор С.Баркинхоев және құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновке, сонымен қатар коммерциялық ұйымның басқа да қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс келіп түсті», - делінген хабарламада.