Астана еліміздің инновациялық картасынан лайықты орын ала алады - қала әкімі И.Тасмағамбетов
Әкімнің айтуынша, Астана қаласының басты байлығы - интеллектуалдық әлеуеті болып қала бермек. Бұл орай Астана ел экономикасының нығаюына зор үлес қосу үшін арнайы жобалардың алаңына айналуы тиіс.
«Тек соңғы жылы ғана қалада 8 жаңа инновациялық өндіріс ашылып, 1,5 мың жұмыс орны ашылды. Тағы 6 инновациялық жоба биылғы жылы іске асырылады. Бұған қоса, қазірдің өзінде инновациялық паркте жалпы сомасы 170 млрд. теңгенің 41 жобасы бар», деді қала әкімі.
Әкімнің пікірінше, осындай жобалардың әрқайсысы Астананың дамуына экономикалық серпін беріп, инновациялық тетікке айналады.
Форумның мақсаты - инновациялық іс-қимылды жандандыру және бизнес үшін диалог алаңдарын құру. Форумның аясында инновациялық жобалар мен 200 данадан астам ғылыми-техникалық жасалымдар көрмесі өтіп жатыр. Оған энергетика, байланыс және телекоммуникация, құрылыс, индустриялық-инновациялық даму, білім, қоршаған орта, машина жасау, сумен қамтамасыз ету салалары бойынша экспонаттар қойылған.