«Астана Энергия» АҚ елордадағы ЖЭО-2-де апат болғанын жоққа шығарды

АСТАНА. KAZINFORM – «Астана Энергия» АҚ елордадағы ЖЭО-2-де апат болмағанын мәлімдеді. 

ЖЭО
Фото: Энергетика министрлігі

«9 ақпанда сағат 11:44 кезінде реттеу жүйесіндегі ақауға байланысты төртінші турбоагрегат өшірілді. Соның салдарынан компенсантор ажырап қалды. Атап айтқанда, бұл жағдай апат ретінлде саналмайды. Барлық жүйе ретке келтіріліп, төртінші турбоагрегат іске қосылды. Оған түсетін жүктеме бұрынғыдай 100 мВат шамасында. Осы жағдай ЖЭО-2 жұмысына ешқандай әсер еткен жоқ», - делінген таратылған хабарламада.

жэо
Фото: Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі дәл қазір екінші жылу электр орталығындағы төртінші турбина қалып режимде жұмыс істеп тұрғанын растады. Ондағы ақау электр және жылу энергиясын шектемеді.

Соңғы жаңалықтар