Astana English School дарынды балалар гимназиясында алғашқы Білім күні өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов дарынды балаларға арналған жаңа № 81 «Astana English School» гимназиясына барады, деп хабарланған министрлік сайтында.
None
None

1200 орынға арналған «Astana English School» № 81 гимназиясы мектеп оқушыларына өз есігін алғаш рет ашқалы отыр. Мектептің жалпы ауданы - 11765,60 ш.м., барлығы 54 кабинет, оның 2 - мультимедиялық, акт залы, кітапхана, ағаш пен металл және матаны өңдеу шеберханалары. Мұнда сабақ қазақ және ағылшын тілдерінде оқытылады. Білім күніне арналған салтанатты сапқа тұру сағат 10.00-де басталады.

2015 жылы бірінші сыныпқа шамамен 340 мың қазақстандық бүлдіршіндер барады. Олардың әрқайсысы, соның ішінде №81 гимназиясының 34 бірінші сынып оқушысы, өмірлерінің алғашқы оқу жылында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан естелік сыйлыққа «Менің Отаным - Қазақстан» атты кітабын алады. Салтанатты шараның соңында ҚР БҒМ министрі А.Сәрінжіпов және БҒМ қызметкерлері жаңа гимназияның жұмысымен танысады. Сондай-ақ қонақтар 5 сынып оқушыларының ағылшын тілінде өтетін интерактивті сабағына, 7 сыныпқа арналған ағылшын тілінде өтетін «Қазақстан жолы: 5 реформа және 100 қадам» тақырыбындағы сынып сағатына, 6 сыныпқа арналған ағылшын тілінде өтетін биология сабағына және «EXPO-2017 - болашаққа сенімді қадам» тақырыбындағы ағылшын тілі сабағына қатысады. Содан кейін А.Сәрінжіпов «Astana English School»-дың педагогикалық ұжымымен кездесу өткізеді, деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар