17:40, 06 Шілде 2009 | GMT +5
Астана еуразиялық идеяны іске асырды - «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Тодд Леви
АТЫРАУ. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - «Тәуелсіз мемлекеттің дәл жүрек тұсына орналасқан Астана Орталық Азия Республикасы - Қазақстанның бірегей сипатының өзіндік символы саналады».

«Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Тодд Леви осылай есептейді, деп хабарлайдыҚазАқпарат тілшісі.
Тодд Левидің пайымдауынша, «Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған еуразия идеясын Астана толығымен іске асырды. Құрылыс және сәулет саласындағы жаңа жетістіктерде көп ұлттылықтың нышаны айқын көрініс тапқан. Аз ғана уақыттың ішінде шағын қаланы үлкен сымбатты мегаполиске айналдыру - тарихта бұрын-соңды болмаған құбылыс».