«Astana Expo 2017» фильмі Канныда жеңімпаз болды

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Францияның Канны қаласында ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті тапсырысы бойынша түсірілген Astana Expo 2017 «The Great Expectation of Kazakhstan» қазақстандық фильмі «Cannes Corporate Media & TV Awards» жыл сайынғы өткізілетін халықаралық фестивальда екінші орынға ие болып, беделді сый - күміс дельфинмен марапатталды.
None
None

Фильм EXPO 2017 Бүкіләлемдік көрмені өткізу құқығына үміткер Астана кандидатурасына қолдау мақсатында әзірленген болатын.  Бұл туралы EXPO 2017 Astana Ұлттық жобасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгінгі таңда Cannes Corporate Media & TV Awards Еуропадағы ең ауқымды және әлемдегі маңызды корпоративті фильмдер фестивалінің бірі. Ол үшінші жыл қатарынан өз алаңында маркетингтік коммуникациялар саласындағы PR-агенттіктер, компаниялар, мемлекеттік құрылымдар, режиссерлер, бейнестудия, мультимедиялық компаниялар, телеарналар, жарнама агенттіктерінің өкілдерін жинап отыр.

Фестиваль ұйымдастырушыларының айтуынша, биылғы байқауға 35 елден берілген өтінімдер саны 666-ға жеткен. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 60%-ға артық. «Astana Expo 2017 «The Great Expectation of Kazakhstan»фильмі біздің ортақ табысымызға маңызды үлес қосты», - дейді ұйымдастырушылар.  

Фестивальдің жоғарғы кәсіби деңгейін атап өту керек, байқау қатысушылары арасында бүкіл әлемге әйгілі компаниялар мен брендтер бар.

ҚР ЭДСМ Комитетінің төрағасы Айдар Қазыбаев атап өткеніндей, «Astana Expo 2017 «The Great Expectation of Kazakhstan» бейнеролигінің үздік деп танылуы - көрменің ұйымдастырушы комитеті үшін күтпеген жағдай болды. «Бүгін біз корпоративті фильмдер фестивалінде жеңіске жеттік, сондай-ақ Қазақстанның EXPO 2017 Халықаралық көрме өткізуге үміткер ретінде озып түсетініне сенімдіміз», - дейді ол.

 

Соңғы жаңалықтар