19:57, 06 Мамыр 2010 | GMT +5
«Астана-Финанс» АҚ басқармасында өзгерістер орын алды
АСТАНА. Мамырдың 6-ы. ҚазАқпарат - «Астана-Финанс» АҚ басқармасының жаңа құрамы мамырдың 5-і күні компания директорлар кеңесінің отырысында бекітілді.

«Астана-Финас» АҚ басқармасының төрағасы болып бұрын «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-да басшылық қызметін атқарған Ерлан Шәкібаев тағайындалды. Басқарма төрағасының орынбасары-басқарма мүшесі болып бұрын «Альянс Банк» АҚ-да басшылық қызметін атқарған Ерлан Манатаев тағайындалды. Басқарушы директор-басқарма мүшесі болып бұрын Астана қаласы салық жүйесінде басшылық қызметін атқарған Алмас Омарханов тағайындалды, деп хабарлайды «Астана-Финанс» АҚ-ның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ «Астана-Финанс» АҚ басқарма төрағасы-басқарма мүшесі Нұртазы Байтенов пен «Астана-Финанс» АҚ басқарма төрағасының орынбасары-басқарма мүшесі Азамат Тәкеновтың өкілдігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.