«Астана-Финанс» банкінде кадрлық өзгерістер болды

АЛМАТЫ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Астана- Финанс» банкі АҚ-ының Директорлар кеңесінің төрағасы және Бас басқарушы директоры болып Ерлан Шәкібаев сайланды,
None
None

деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Банктің директорлар кеңесі де өзгеріп, кеңес құрамына А. Зубаиров, А. Омарханов, Н. Самзаев, Р. Ошақбаев (тәуелсіз директор), Г. Исабаева (тәуелсіз директор) енгізілді. Банктің басқарма төрағасы С.Терещенкова мен оның орынбасары М. Горемыкинаның қызметі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Нұрбол Самзаев банктің басқарма төрағасы, Ербол Шаймаханов пен Бағлан Мамыталиев оның орынбасарлары болып тағайындалған.

Банктің Директорлар кеңесінің төрағасы А.Артышконың, директорлар кеңесінің мүшесі А.Савчуктың, тәуелсіз директор Д.Мамештің қызметі мерзімінен бұрын тоқтатылған. Бұл шешімдер маусымның 16-ы күні өткен банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы барысында қабылданған.

Соңғы жаңалықтар