«Астана» футбол командасы – суперкубок иегері

АСТАНА. ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстан суперкубогінің иегері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Аталған ойында «Астана» мен «Ордабасы» командалары кездесті. Кездесуде елордалық командадан Марин Томасов 8-минутта есеп ашса, шымкенттік клубтан Еркебұлан Тұңғышбаев 9-минутта таразы басын теңестірді.

Ал, «Астана» ойыншысы Дембо Дарбо қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша, «Астана» 2:1 есебімен жеңіп, суперкубок иегері атанды.

Биыл суперкубок ойыны өз тарихында 16-мәрте өткізілмек. Қазірге дейін ол еліміздің Алматы («Орталық»), Астана («Астана Арена»), Қостанай («Тобыл Арена») және Түркістан («Түркістан-Арена») қалаларында болды.

Бұған дейін суперкубокке барлығы алты команда қол жеткізді. Олардың қатарында «Астана» - 5, «Ақтөбе» - 3, «Қайрат» пен «Тобыл» - 2, «Шахтер», «Ордабасы» мен «Елімай» - 1 мәртеден еншіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайсар» африкалық футболшымен келісімшартқа отырды.


Соңғы жаңалықтар