Астана халқы 1 млн 376 мыңға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана халқы 1 млн 376 мыңға жетті. Бұл туралы «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС директорының орынбасары Серік Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«2023 жылдың 1 маусымында елорда тұрғындарының саны 1 млн 376 мың адамға жетті. Халықтың жыл сайынғы өсімі 50 мыңнан астам адамды құрайды», - деді бүгін қоғамдық талқылау барысында «Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарының» жаңа жобасын таныстырған Серік Әбдірахманов.

Атап өтуінше, қазіргі қолданыстағы 2016 жылғы бас жоспарға сәйкес, елорда аумағы 71 мың гектар болатын. Бірақ, 2017 жылдың 6 ақпанында Президент Жарлығымен Астанаға Ақмола облысының Целиноград ауданының 8 719 гектар жері қосылды. Осылайша, қала ауданы 79,7 мың гектарға жетіп отыр.

Бұған дейін «Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарының» жаңа жобасы бойынша қоғамдық талқылау өткенін жазған едік.

Елордадан 30 шақырым радиуста болжамды халық саны 283 мың адамды құрайтын 39 елді мекен орналасқан.


Соңғы жаңалықтар